Жаңа жолайрық, жаңа автобустар...

Шымкент шаһарының күретамырлары іспеттес мегаполистің басты жолдары – Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жаңа жол-көлік айырығы ашылды.

Screenshot_14.png

Аталған нысанның іске қосылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Техникалық тұрғыда пайдалануға берілген жаңа жол-көлік айырығының құрылысы өткен жылдың соңында Мемлекет басшысының мегаполистің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында басталған болатын. Аптаның алғашқы жұмыс күнінде эстакада арқылы көлік қозғалысы іске қосылды. Қазіргі таңда мұнда негізгі құрылыс аяқталған. Жол белгілері мен таңбалары салынды. Эстакаданың ашылуы қаланың көлік қозғалысы тығыз учаскелерінің бірінде жол қозғалысын реттеуге бағытталған жобаны іске асырудағы маңызды кезең болды.

Қала әкімі жол инфрақұрылымын дамыту Шымкенттің қажеттілігіне сай жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Заманауи көлік шешімдері кептелістерді азайтуға, тұрғындардың қатынауын жеңілдетуге және қала аудандары арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта жолайырықтың төменгі деңгейінде айналма қозғалысты және оң жақ өткел тармақтарын, сондай-ақ, жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін абаттандыру жұмысы жалғасуда. Іргелес аумақты абаттандыруды қоса алғанда барлық жұмысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның жүзеге асырылуы осы учаскедегі жол қозғалысын жетілдіруге, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Көлік қозғалысымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау қашан да қала билігінің назарінан тыс қалған емес. бұл бағытта  Шымкентте автобус паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмысы жалғасуда. Қаладағы қолданыстағы қоғамдық көлік бағыттары және жасалған келісімшарттарға сәйкес, жыл соңына дейін қалаға 192 жаңа автобус жеткізіледі.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жолаушылар тасымалдаушы компанияларға жеткізілген автобустарды қарап шықты, техникалық сипаттамаларымен және бағытқа шығуға дайындығымен танысты.

Айта кетейік, жыл соңына дейін жеткізеді деп жоспарланған 192 автобустың 64-і «Радуга-транспорт» ЖШС-не тиесілі. Барлығы – Yutong маркалы автобус. Бүгінге дейін қалаға 21 автобус жеткізілген. Қазан айының соңына дейін олар №№126, №104 және №60 бағыттарға шығарылады. Жыл соңына дейін тағы 25 автобус №6, №51 және №67 бағыттарға жіберілмек.

Тағы 128 автобус «Түркістан көлік компаниясы» ЖШС үшін қарастырылған. Мұнда да Yutong маркалы автобустар жеткізілуде. Қазіргі таңда қалаға 29 автобус келді. Қазан айының соңына дейін олар №12, №35, №92, №103 және №135 бағыттарда қатынай бастайды. Қалған 60 автобус жыл соңына дейін жеткізіліп, бағыттарға бөлінеді.

Осылайша, екі тасымалдаушыға қазірдің өзінде 50 жаңа автобус жеткізілді. Автобустарды сатып алуды қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы «Qaz Tehna» ЖШС-нен лизингтік қаржыландыру негізінде жүзеге асырылуда.

Автобус паркін жаңарту ескірген жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен ауыстыруға, жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және Шымкент тұрғындары мен қонақтарына неғұрлым жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жаңа жолайрық, жаңа автобустар...