Түркістан облысында тұрғындарды жіті респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы иммундау 1 қыркүйекте басталса, тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары 15 қыркүйектен басталды.
«Ақ бұлақ» облыстық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері рамазан айында пітір-садақаларын арнайы қорға жинап, сол қаражатқа емдік дене шынықтыру кабинетін, ән және ойын терапиялық бөлмелерін жасақтады.
Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохиругтері Беларусия мемлекетінен келген мамандармен бірлесіп, жүрек ахауының күрделі түрімен ауыратын балаларға ота жасауда.
Тәулік бойы медициналық көмек көрсететін Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесі 95 төсек орыннан тұрады. Оның 65-і балаларға, 30-ы ересектерге арналған.